Жетісу

Бұл бетте «Жетісу» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1146
Жетісу – менің тұрағым,
Жетісу – менің өз анам.
Айтылмай жүрген бір әнім,
Алдыңда жырмен сөз алам.
Сөз алам сендік таулардан,
Сөз алам сендік, бұлақтан.
Сөз алам, соқпақ,
жолдардан,
Күлдіріп кейде жылатқан.
Көркіңді өріп өлеңмен,
Желіңмен бетті жуамын.
Тұрғандай ылғи төбемнен,
Құйылып мейірім, шуағың.
Шығам да Алатауыңа,
Қатамын күнге еркін үн.
Өмірім алақаныңда,
Туған жер, сенсің – төркінім.
Неткен ыстық құшағың,
Елжіретіп, еріткен.
Қонамын да, ұшамын,
Қарлығашың болып мен.
Неткен ыстық түр-тұлғаң,
Тоймайды, қарап, жанарым.
Толқыныңнан бұлқынған,
Естимін даусын Сараның...
Болып арман туымдай,
Жасардың да жаңғырдың.
Ағысың бар жырындай,
Ілияс пен Жамбылдың!
Сезімге бір сел құйып,
Күлімдейді келер күн.
Алатауың ең биік,
Шаңырағындай өнердің.
Өмірім алақаныңда,
(Өзгеге титтей құстаймын.)
Еліктеп Алатауыма,
Еңсемді биік ұстаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетісу өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жетісу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жетісу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетісу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері