Асқар таулы, дарқан даласы бар

Бұл бетте «Асқар таулы, дарқан даласы бар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4789
Асқар таулы, дарқан даласы бар,
Астанадай шаңқан қаласы бар,
Ел басқарған дана баласы бар,
Жасай бер ғажап Қазақстан!
* * *
Ашық аспан айдыны,
Нұрын шашқан ай, күні,
Дариядай байлығы,
Асқақтаған айбыны,
Отаным – Қазақстан.
* * *
Қазақстан – кең елім, кең мекенім,
Қиялымды көгіңде тербетемін.
Масаттана әлемге мақтан етем
Жасампазы жандардың сенде екенін.
Байлық пен бақытқа бөлеген,
Еңселі елім бар егемен.
Көз тартқан Ақорда Астанам,
Шалқыта жырлаймыз асқақ ән.
* * *
Қазақтың нұр болып ғасыры,
Ел бастап ерекше асылы,
Атағын әлемге асырды,
Елім мен қазағым – халқымды.
* * *
Отаным бар, аялаған анам бар,
Мызғымайтын асқар алып панам бар.
Мені мынау жұмыр жердің үстінде
Ең бақытты азамат деп санаңдар.
Қазақстан – Отаным,
Алыс кеткен атағың.
Бір өзіңе қашанда
Арналады шат әнім.
* * *
Қазақстан – кең дала,
Қазақстан – ел жаңа.
Баянды бақытқа
Бастаған ер дана.
Асқарлы тауы бар,
Бақшалы бауы бар.
Бірлігі жарасқан,
Көп ұлтты қауым бар.
* * *
Еліміздің ұланымыз,
Еліміздің жыр-әніміз.
Қияндарға қанат қаққан
Көгіміздің қыранымыз.
Еліміздің түлегіміз,
Жеріміздің гүл-өңіміз.
Ел деп соққан, жер деп соққан
Жұдырықтай жүрегіміз.
Шалқып-тасып шаттанамыз,
Жүрек жырын ақтарамыз.
Егеменді еркін елде
Тұрамыз деп мақтанамыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асқар таулы, дарқан даласы бар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Асқар таулы, дарқан даласы бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асқар таулы, дарқан даласы бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асқар таулы, дарқан даласы бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері