Несіне мен өкінем? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Несіне мен өкінем?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1666
Ей, көріктім, көріктім,
Саған қалай еліттім?
Саған қалай сеніппін?
Қалай тізгін беріппін?
Жылтыраған көзіңе.
Сылдыраған сөзіңе
Сенгенімді беріле
Білмей қалдым өзім де.
Мына ғажап кеңісте
Санап едім періште.
Асығыстық жасаппын,
Шықты бәрі теріске.
Тұяқ болмас шағылмас,
Жақ та болмас жаңылмас.
Толық тани алмаппын,
Кешіре гөр, қарындас.
Сүйемін деп бекіп ем,
Несіне мен өкінем?
Алшақ екен арамыз,
Кешіре гөр, өтінем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Несіне мен өкінем? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Несіне мен өкінем? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Несіне мен өкінем? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Несіне мен өкінем? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері