Дауыс – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Дауыс» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1758
Сәулесі күннің
Айдынын судың аймалап,
Сүңгіп бір шықты
Сұқсырдай сұлу айғабақ,
Дірілін жанның
Ақырын ғана аңдатып,
Таратып жатыр
Майда толқындар жаймалап.
Ақтолқын қуған,
Шығыстың қызы ақмаңдай,
Тұрды бір толқып,
Толқыннан бақыт тапқандай,
Күміс тамшылар
Шашырай ұшып шашынан,
Ойнайды ұшқын,
Айдынға маржан шашқандай.
Сыңғырлай күлді...
Сиқырлы шыны үніндей,
Таудағы құстың
Таласқан таңмен әніндей,
Суретші болсам,
Бейнесін тура келтіріп,
Жеткізем қалай
Дауысын,
Нәзік дірілдей?!
Жастық шақ қайран,
Қанатын жайған алысқа,
Алысты қойып,
Созатын қолын ғарышқа,
Ақсәуле күндер...
Ақтолқын күйлі көңіл-ай,
Ғашық боп қалған,
Сыңғыр да сыңғыр,
Дауысқа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыс өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Дауыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері