Дүние-ай, кәусарыңа қанған бар ма – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Дүние-ай, кәусарыңа қанған бар ма» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Дүние-ай, кәусарыңа қанған бар ма,
Арманнан жетелейсің армандарға.
Үмітін бір өзіңнен үзбейді екен,
Жүруден жүзге келіп қалғандар да.
Қайырылып қос қанаты талғандар да,
Үмітін бір өзіңнен үзбейді екен.
Алла деп ақтық демін алғандар да,
Үмітін бір өзіңнен үзбейді екен.
Таусылып демі есінен танғандар да.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері