Алла берген ақындық бағым менің

Бұл бетте «Алла берген ақындық бағым менің» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алла берген ақындық бағым менің,
Патшалығым мәңгілік тағым менің.
Қиял жетпес қиядан қисын тауып,
Жаңылысып көрген жоқ жағым менің.
Алқа топта алдыма адам шығып,
Бетім қайтып, сынған жоқ сағым менің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері