«Ақынмын» деп болады айтуыңа
Бұл бетте ««Ақынмын» деп болады айтуыңа» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Ақынмын» деп болады айтуыңа,
Ел аралап, жер көріп қайтуыңа.
Ақын деген табиғат перзенті,
Ол өмірге келмейді жай туыла.
«Ақынмын» деп болады шалқуыңа,
Аққу, қаздай айдында қалқуыңа.
Ақын деген атаққа құмар болма,
Дақ түсіріп жүргені ар туына.
«Ақынмын» деп болады еркелеуге,
Ақылдыға еркелеу ертелеу ме!
Таланттыны білеміз айтпаса да,
Бірақ оны тағдыры желкелеуде.
Бәйге атындай тұлғасын жасыратын,
Көзге түсе бермейді асыл ақын.
Сорлы жабы тыртыңдап терге батып,
Қашанда да әдеті асығатын.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі