Мен өзгеше – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Мен өзгеше» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен өзгеше,
Мен өзгеше Әлеммін.
Ұқсамайтын
Ешбір жанға
Керегі жоқ дәлелдің.
Жүрісім де, тұрысым да,
Өзгелерден өзгеше,
Әдеп-ғұрып дәстүріндей,
Бөлек-бөлек әр елдің.
Бөлек менің дыбысым да,
Тіршілігім тынысым.
Бөлек менің жан дүнием,
Несібем де, ырысым.
Сенің, менің арамызда
Кереғарлық мәңгілік.
Саған бұрыс көрінеді
Менің барлық дұрысым.
Бәлкім, бәлкім,
Саған дұрыс көрінер
Менің еткен бұрысым.
Саған мазақ секілденер,
Менің барлық ұлы ісім.
Адам болып
Сен де, мен де,
Туылғаннан не пайда,
Ырылдасып,
Ит болғаны
Ит болғаны құрысын.
Не жетпейді,
Бұл адамға,
Бұл адамға, білмедім.
Ойлай, ойлай қалжырадым,
Таңға кірпік ілмедім.
Аңлығаны, бар арманы –
Боқ дүние бәрінің.
Құрысыншы,
Қоңыз тірлік,
Бүйтіп өмір сүргенің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері