Неден қорықпайды? – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Неден қорықпайды?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бауыр басқан қалаға,
Не дерсiң бұл балаға?
Келiп едi ауылға
Шықпай отыр далаға.
– Қызық екен мiнезi, –
Дейдi үйдiң иесi.
– Жабайы боп кеткен бе,
Қалада өсiп,
Бұл несi?
Айтты бала тосыннан:
– Қорқамын, – деп, – қозыдан,
Ауладағы бұзаудан,
Шықпай тұрмын осыдан.
Үй иесi күлiмдеп,
Жөн сұрады:
– Ұлым, – деп, –
– Неден сонда қорықпайсың?
Айтшы, кəне, шынын, – деп.
Көштi бала шынына,
Қаймықпай ел сынынан:
– Ұшып жүрген үйдегi
Қорықпаймын шыбыннан!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неден қорықпайды? өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Неден қорықпайды? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неден қорықпайды? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неден қорықпайды? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері