Тілерім – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Тілерім» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1099
Томсарып тұйық түн өтті,
Таң алды жырды гүл басын
Тамсанып тұрып күн өтті
Тірліктің сұлу тұлғасын!
Өмірден менің тілерім
Көп емес, тіпті аз дер ем,
Тоқталғанша жүрегім –
Жүйткіте жыр жаз дер ем.
Өмірден менің тілерім
Көп емес, тіпті аз дер ем,
Жырмен туған жүрегім
Сайраса елге – наз дер ем.
Қалам ап көңілім толғанса,
Қағазға түссін із дер ем.
Түсетін ізім болмаса, –
Жоқ ізді қайдан іздер ем?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері