Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7797
Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста тәңірім берген несіптемін.
Алты жаста қайыңның тозындаймын,
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,
Он жасымда сүт емген қозыдаймын.
Он бесте жарға ойнаған лақтаймын,
Бой түзеп жиырмада сылақтаймын.
Отызда ағып жатқан бұлақтаймын.
Қырқымда қынаптағы қылыштаймын,
Елуде әрбір істі жұмыстаймын.
Алпыс жаста тай жеген бөрідеймін,
Жетпіс жаста илеген терідеймін.
Жетпістен сексен жасқа келген шақта,
Көтімнен кейін кеттім керідеймін.
Тоқсан жасқа келгенде көр болғаным,
Отқа салған минайым бор болғаным.
Тоқтыға асылғанда әлім келмей,
Баланың баласына қор болғаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері