Ұмытпа – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ұмытпа» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1189
Ахмет Кендірбекұлына

Араласпай, былғанышқа, былыққа,
Атың жүзіп келе жатыр тұнықта.
Ұнайтындар бар өмірде, қарағым,
Сынайтындар барлығын да ұмытпа!
Айналарсың ұлыға да ұлыққа,
Бара көрме баянсыздау қылыққа.
Қыран бүркіт қанша биік ұшқанмен,
Көксеңгірге бір қонарын ұмытпа!
Құрығыңды жалғай жүріп сырыққа,
Келіп қалар қылшылдаған қырық та.
Бой керегін, той керегін білеміз,
Бәрінен де ой керегін ұмытпа!
Арғымағың жүзе берсін тұнықта,
Айлыққа да, байлыққа да құнықпа.
Ағайының кеп екен деп ауылда,
Алматыда Ағаң барын ұмытпа!

11 наурыз, 1994 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұмытпа өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ұмытпа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұмытпа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұмытпа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері