Жігіттерге – Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Бұл бетте «Жігіттерге» атты Ақан Сері Қорамсаұлы‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 0
  • 14205
Бір дауа бір тарқасын арман - дәртім,
Қалдырдым жігіттерге сөздің артын.
Жақсыға жасын сынап, ашық айтып,
Байлайық тиянаққа істің шартын.
Бұларға үлгі берген өзі сауап,
Қымбаттың арзан менен білер нарқын.
Көлденең көкейіме сөзім тоқтап,
Басылған талай жаннан біздің қарқын.
Осындай сөз айтты деп біреуге айтып,
Шығарар оқығандар сөздің дәрпін.
Берерге ғылым жазып адам керек,
Біреу - мыс, біреу - қола, біреу - алтын.
Маңызын салмақтаған ар табылса,
Айтылмай неге қалсың менің атым.
Дана, надан - мағынасы екі түрлі,
Сарғайып сана, жүрек болар салқын.
Оқушым, айтушыдан болсын зият,
Ақыл менен ғылымның білсін парқын.
Астан жілік тістейсің, тойдан ілік,
Шарапатты жақсымен жүрсең жақын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіттерге өлеңінің авторы кім?

Ақан Сері Қорамсаұлы‎ — осы өлеңнің авторы.

Жігіттерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіттерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақан Сері Қорамсаұлы‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіттерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері