Тұр, Күнім, тұр!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 10.02.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Көкейімде сайрап тұрса шындығым,
Қатарымын дей алмаймын мұңдының,
Артық маған жалған ғасыр балынан,
Шындық үшін у сімірген бір күнім.
Көкейімде сайрап тұрса шындығым,
Қаңтарылып, қаңсырасын құлқыным.
Ақиқаттың ақ байрағын көтердім,
Жүрегіммен жамармын деп жыртығын.
Көкейімде сайрап тұрса шындығым,
Ал, шындықты мағынасыз қылды кім,
Аноу маңдай жаратқанға сәжде емес,
Аяғына қожалардың құл бүгін.
Көкейімде сайрап тұрса шындығым,
Өмір маған мен өмірге құндымын.
Бабалардың аманатын арқалап,
Аманаттау бізге парыз тұр, күнім!
Жалғандықтың қаламасаң сұмдығын
Тұр, Күнім, тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұр, Күнім, тұр! өлеңінің авторы кім?

Нұрбол Құдайберген — осы өлеңнің авторы.

Тұр, Күнім, тұр! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тұр, Күнім, тұр! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбол Құдайберген өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұр, Күнім, тұр! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері