Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар!

Бұл бетте «Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар!» атты Нұрмахан Назаров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.11.2022
  • 0
  • 1
  • 1258
Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар!
Көне шаһар, арып-ашқан ауылдар!
Сiз бен бізді жарылқайтын тек қана,
Көктемдегі нөсерлеткен жауындар.
Жүзi күлген мырзалар мен ханымдар.
Жетсе дәулет, болса намыс, қаның бар.
Ол дүниенi көрiп келген ешкiм жоқ.
Бұл дүниенiң қызығына қаныңдар!
Қутты болсын Наурыздарың, туыстар!
Нар жiгiттер жорықтарда ту ұстар.
Құрсаулаған торын бұзып нарықтың.
Күн де туар біз де доллар уыстар?!
Туар ол күн сәл кешiгiп, кідіріп.
Қиындықпен күрессек бiз бiр жүрiп.
Тұздап, жайып қоярмыз-ау шарбаққа,
«Жыртқыштардың» бас терісін сыпырып!
Одақтасса орда бұзар кедейлер,
Tiзe қосып қимылдаса сендейлер.
Opтa, кiшi кедейлердi, Үкімет,
Орта, кiшi бизнесiңмен демей гөр!
Тойда – Құран, Құдайыда әнін сап,
Қазекем-ай, қалта таяз, жаны – шат.
Бүгiн-ертең зауыттардан қайран жоқ.
Егінiңдi ек, терiңдi төк, малың бақ!
Шырылдаймыз, шымырлаймыз кiм үшiн?
Ертең үшiн, ертеңгі ұрпақ күнi үшiн.
Я, Жасаған! Байлық, дәулет бiр келер.
Ең алдымен елiмнің бер тынышын.


Пікірлер (1)

Дариға

Нұрмахан Назаровтың «Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар!» өлеңі — Ұлыстың Ұлы Күнінің шынайы қуанышын, халықтың бірлігі мен ізгі тілектерін әсерлі жеткізетін туынды. Өлең жолдарында Наурыз мейрамының басты мәні — жаңару, татулық және береке идеясы көркем түрде бейнеленеді. Ақын мерекелік көңіл-күйді, елге деген сүйіспеншілікті және бауырмалдықты жүрекке жылы тиетін сөздермен жеткізеді. Осындай шығармалар Наурыз мерекесінің рухани маңызын терең түсінуге көмектесіп, оқырманды жақсылық пен бірлікке үндейді.

Наурыз — көктеммен бірге келетін жаңару мен үміттің мерекесі, бұл күні халық бір-біріне ақ тілек айтып, ырыс пен молшылық тілейді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар! өлеңінің авторы кім?

Нұрмахан Назаров — осы өлеңнің авторы.

Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрмахан Назаров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері