Наурыз тойы – Нұрмахан Назаров

Бұл бетте «Наурыз тойы» атты Нұрмахан Назаров жазған мерекеге арналған өлең берілген.

  • 15.11.2022
  • 0
  • 1
  • 1325
Көктем нұрын шашалы,
Бұлақ көзін ашқалы.
Бүршiк жара бастады
Оңтүстікте тipшілік.
Құстар билеп аспанды.
Нұрға бөлеп жас жанды.
Сырнайлатып басталды
Оңтүстікте Наурыз той!
Суға толы сай-алап,
Құлпырады сая-бақ.
Табиғат тұр дүниені
Алақанда аялап.
Ауыздықпен алысқан,
Сәйгүліктер жарысқан.
Көк қуалап қозы-лақ,
Kөлден үйрек, қаз ұшқан.
Ақбоз үйлер алдында
Алтыбақан жарасқан.
Айлы түнде салған ән
Алты қырдан әрi асқан.
Ел басқарған мырзалар
Көкпар салым салдырған.
Ат шаптырып алыстан
Ақын-жырау алдырған.
Ортақ жасқа, кәріге,
Көкке жайған дастарқан.
Жeтiп жатыр бәрiне
Наурыз көже – ас дарқан.
Бұрын, бәлкiм, суыссаң.
Ұмыт болсын, құрысын.
Ағайын, дос, туысқан
Ынтымақта – ырысың!
Жүректегi жыр-лағыл,
Сүйгенiме ұсынам.
Төрде отырған қыздардың,
Өлең айтсақ тұсынан.
Жастар даусы шырқаған.
Дiрiлдетiп аспанды
Күлiм қағып Күн-Қаған
Наурыз-мейрам басталды!


Пікірлер (1)

Марат

Нұрмахан Назаровтың «Наурыз тойы» өлеңі – Ұлыстың Ұлы Күніне арналған поэтикалық туынды, мерекенің мән‑мағынасын, ұлттық дәстүр мен жүрекжарды қуаныш сезімін көркем тілмен жеткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері