Абайға еліктеп – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Абайға еліктеп» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2108
Жетсек те жана дүниеге
Еліміз алған азаттық
Қолменен асар еттей-ақ,
Өзгерер емес қазақтық.
Баяғы мінез бір мінез –
Аңғалдық пен пенен жалғандық.
Өшіріп отты өзіміз,
Тоңази қалсақ таң қалдық.
Қарнымыз тойса тынышпыз,
Ащыға қалсақ қармандық.
Алдағандармен дұрыспыз,
Адалын айтса - ақ шамдандық.
Күніміз өтпес өсексіз,
Бәлеге талай шырмалдық.
Уақыттар өтті есепсіз,
Ақылдан талай құр қалдық.
Баяғы баяу мимырттық,
Өткен соң мезгіл қамдандық.
Кешігіп келген жүйріктік –
Озғандық емес, қалғандық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері