Өзім туралы
Атаққа мен алданбадым,
Ақшаға да жалданбадым.
Қарным тойса паңданбадым,
Қарным ашса қорланбадым.
Көргенім көп бала жастан,
Кешіргенмін бәрін бастан.
Өстім солай айнымастан,
Бір мінезден айрылмастан.
Жақсы-ақ емес өзіңді айту,
Есте қалған кезіңді айту
Кейде еріксіз мақтанасың,
Өсекшіден ақталасың.
Көрем өзім - өз күнімді,
Білем өзім - өз құнымды.
Тозған пышақ сияқтымын,
Кеспей қалсам ұяттымын.
Нұрәлі
Бұл «Өзім туралы» атты өлең жеке сезім мен ішкі дүниені көркем тілмен жеткізетін әсерлі лирикалық туынды. Өлеңде автор өзінің сезімдері, ой‑қиялы мен өмірге көзқарасы айқын көрініс табады. Осындай поэзиялық композициялар оқырманға өзін‑өзі тану, ішкі дүниемен диалог жүргізу және жеке тұлғаның өмірлік мәні туралы ойлануға мүмкіндік береді.