Әзіл орнына – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Әзіл орнына» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2340
Мені жұрт дейді-міс майталман,
Ойларын өлеңмен айта алған.
Мен кейде қаламын сөз таппай
Адамдай шабыты ортайған.
Сыр бермей сыртымнан қомпайған
Жүремін кем соқпай сойқаннан.
Байқаймын, одан да шаршаймын
Әлсіздей болдырып жантайған.
Сеземін, Әбекең ортайған,
Әйтпесе шын - ақ ол қартайған.
Құлағын кердің бе қалқайған,
Мұрынын кердің бе қоңқайған!
Ағадан кешегі «майталман»,
Ойларын өлеңмен айта алған.
Бүгін де дәметіп көрейік
Күндерде күйісін қайтарған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әзіл орнына өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Әзіл орнына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әзіл орнына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әзіл орнына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері