Жалған мақтаушыларға – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Жалған мақтаушыларға» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1542
Апырым-ау, бұл не, мақтау ма,
Сенемін деуге сияр ма?
Тірідей әлде жоқтау ма,
Жоқтауға кісі қияр ма?
«Мақтау аз, мақтан етеміз,
Мақтасақ - мақтанғанымыз,
Мақтасақ - жақтағанымыз,
Ақ тұзын ақтағанымыз»
Деп тұр ғой мына сайрағыш,
Көңліміз шын - ақ толмас па?
Сөзбенен шебер ойнағыш
Жонглер десек болмас па!
Кетірді - ау әбден мазаңды
Үйде де есік қағылып.
Алпыстан асқан адамды
Ұйықтатар емес жабылып.
Бірі кеп басын иіп тұр:
Кемеңгер данышпаным деп,
Бірі кеп тағы ұйып тұр:
Азулым, арыстаным деп.
Соқты кеп бірі дабылын,
Трубач та қосты өз үнін.
Аяймын аға сабырын,
Тоздырар болды-ау төзімін.
Өкім бе, бұл не, түсім бе?
«Қойыңдар!» - десе көнбеді - ау.
Жырлайтын әлді кісіге
Ойланар мұрша бермеді - ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалған мақтаушыларға өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Жалған мақтаушыларға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалған мақтаушыларға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалған мақтаушыларға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері