Нарық деген көкдауыл құйын соқты – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Нарық деген көкдауыл құйын соқты» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 673
Нарық деген көкдауыл құйын соқты
Жапырақтай ұшырып дүйім көпті.
Терін төгіп, ток жүрген кеше ғана
Еңбеккерге ерекше тиді соққы.
Етем деген күні ертең көпті қарық
Бүкіл елге бүйідей тиді нарық.
Қара халық сорлады қайыршы боп
Екі қолға бір күрек таппай қалып.
Адамшылық барады азып-тозып,
Бәйгеден кеп сотқардың аты озып.
Адастырған ақылды заман туды,
Жүгенсіздік жол алып қаулай қозып.
Топырақтай төңкеріп дүниені,
Құйын болып үйіріп жылы ұяны.
Тойымы жоқ, аларман, тоқ монтандар...
Айтыңдаршы ағайын, кім тияды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нарық деген көкдауыл құйын соқты өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Нарық деген көкдауыл құйын соқты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нарық деген көкдауыл құйын соқты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нарық деген көкдауыл құйын соқты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері