Сәбитке – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сәбитке» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 535
Игердің, бауырым,
Пайғамбар жасын.
Келеді өрге
Домалап тасың.
Көре алмаған құр
Күңдейді қасың,
Досыңа сыйлы
Сары алтын басың.
Басында үйің,
Бауырында қазан.
Өмірің гүлді
Шуақты жаз — ән.
Сайдың тасындай
Дүбірлі ұрпақ —
Досановтар жүр
Іргеңді шындап.
Аймағың сонша
Мәнді де сәнді
Текті ұлан өскен
Аумақты гүл бақ.
Жақсының дәйім
Жауы көп дейді,
Не қиратыпты
Шәуілдеп мейлі.
Саған зиян жоқ
Біле білсе олар
Бүлініп босқа
Әз жанын жейді.
Ең үлкен бақыт —
Құралайың ғой.
Онымен еткен
Әр күнін бір той.
Шығармашылық
Бағың биікте
Даниярың ен
Шырағың сүйікті.
Бір байқағаным
Таң қалып тіпті
Бас шайқағаным
Кем-кетік көрсең,
Жаның төзбейше,
Шырылдайды екенсің
Бар бейіл ынтаңды салып,
Қолдан келгенше
Қалтаңнан алып,
Көмек бергенше
Соңына түседі екенсің
Ай, жыл өтсе де
Қыруар қымбат
Уақытың кетсе де,
Тынбайды екенсің
Оң нәтижесіне
Мықтап жеткенше.
Апам не дер деп
Сен құлақ тостын,
Ғұмырлы бол деп
Мен тілек қостым.
Жағың түспейше
Жамандық көрмей еш
Әйгілі, даңқты
Қалпыңмен осы
Болып өткейсің
Адамның досы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәбитке өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сәбитке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәбитке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәбитке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері