Бөке өзені – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бөке өзені» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 903
Мынау өзен бұралған Бөке деген,
Өз қызымын мен мұның бөтені емен.
Өр толқыны жасымда еркелетіп,
Ағынымен ойнатып жетелеген.
Содан ба екен, қиынға қарсы атылам,
Қабат-қабат ораса қанша тұман.
Мойымайтын менде де бар бір мінез,
Ақ боранға алдырмас жанша тұрам.
Мынау өзен шап-шағын Бөке деген,
Жолың қиып ешкімнің бөгемеген.
Содан ба екен, менде де бар бір мінез,
Кепке борыш жандаймын өтемеген.
Жаз келгенде жағасы қаз бен қудан
Босамайтын
бойы бір сауық-думан.
Өзі шағын, суы мол, толқыны асау
Мен кішкентай Бөкеме тартып туғам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөке өзені өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бөке өзені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөке өзені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөке өзені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері