Тұңғыш борозда

Бұл бетте «Тұңғыш борозда» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 915
Солтүстіктен суылдап,
Жылы жаққа құс қайтып,
Боз торғайлар шырылдап
Көктем жырын, ұшты, айтып.
Түсіп тұңғыш борозда
Алқабына Аққабақ,
Жыр жолындай қағазда
Жонды сызған тақталап.
Тың сауырын күйдіре
Күн қақтаған түздегі,
Жерге із салған, тілдіре,
Тракторлар тізбегі...
Трактормен тілімдеп,
Жігіт жердің алқабын,
Тіркеушіге күлімдеп
Бұлғап қояд қалпағын...

1954


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұңғыш борозда өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Тұңғыш борозда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұңғыш борозда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұңғыш борозда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері