Күлу

Бұл бетте «Күлу» атты Абзал Бөкен жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1871
Дос шалқып шаттығымнан,
жатым жүдеп,
Құдай-ау, қашан күлдім ақырғы рет.
Қанша жыл қасарысып қысыр тірлік
Күлкіден жүргеніне ақымды жеп.

Бақыттың балқып миуа бақтарында
Соңғы рет қашан күлдім ақтарыла.
Қанша жыл өтті,
Менің қам көңілім
қапаның түскеніне қақпанына.

Қадамдап қаншама жыл қар басқалы
Көбі оның күнес күнге жалғаспады.
Қашан ед,
Шын күлкімнің соңғы жағы
жалған бір жымиысқа жалғасқаны?

Жүргендей болсам-дағы іргем кеңіп,
Көңілмен өмір сүрдім бір бөлмелік.
Қанша жыл,
Болмасам да бақытты боп,
жүргенім күлмесем де күлген болып.

Қай жылым толқындырып аса мені
Бақыттың шын бейнесін жасап еді.
Соңғы рет мың бір керім қызық көріп,
Соңғы рет шын күлгенім қашан еді?!

Болды ұмыт,
Біреуі де есімде жоқ,
Дойырын төбемде тұр бесін безеп.
Апыр-ай, Күлмес хан да күлген шығар
Бір сәтке саф күлкінің көшін көзеп..

Кемітіп кеткендігін қайғы мені
Күндіз күн, түнде көкте ай біледі.
Соңғы рет шат күлгенім, пәк күлгенім
Құдай-ау, қай жыл еді,
Қай күн еді?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлу өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Күлу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Бөкен өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері