Өлең, жыр, ақындар

Түбінде бір өміріңнің күн беті

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1653
Түбінде бір өміріңнің күн беті
көлеңкеге ауысуы – міндеті.
Жарты ғұмыр – жалт еткен бір жалқы шақ,
Ұқтың ба оны, пайғамбардың үмбеті?

Аққан судай ада болған жылға, әне,
Жыл кетті, – деп жабырқаған ұл, кәне?
Бір ғұмыр ғой опырылған он екі ай,
Ұқтың ба оны, ей, Құдайдың құлдары?

Ұққан жоқсың.
Өмір өтсе налымай,
Сөнбестей боп көрінеді жарық ай.
Құдайыңнан соңғы Құдай – Уақыт,
Соны ұқпаған,
нені ұғасың, жаным-ай?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түбінде бір өміріңнің күн беті өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Түбінде бір өміріңнің күн беті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Түбінде бір өміріңнің күн беті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Бөкен өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түбінде бір өміріңнің күн беті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері