Хош келдің – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Хош келдің» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2581
Жарқылдап жаңа жылым, келдің маған
Көзім де, көңілім тасып масайраған.
Алтынды таңғажайып бақыт заңын
Жырлайын әшекейлеп мен де саған.
Жақында, төріме шық, отыр бермен!
Қонақсың елімізге бүгін келген.
Сыйлайын құрметіне отанымның
Кәусардай күмісті жыр — жаңа өлеңмен.
Қабыл ал жүрегімнің маржандарын,
Сусын ет шөлдесеңіз тілдің балын.
Арала саяхат қып отанымның
Керікті күн сәулетті бақшаларын.
Көресің Кавказдағы Қазыбекті,
Төбесі оның бұлттан асып кетті.
Гүл егіп баурайына мал қаптатып,
Кәріңді біздің заман еркелетті.
Тұрарсың тамашаға көзің салып,
Көркіне сұлуыңның аң-таң қалып.
Сені де жайнатармын, жас қонағым,
Балқытып бақытты бұл нұрға малып.
Қош келдің, жақсы құрбым — жаңа жылым,
Сауық кер, есіт тартқан шаттық үнін.
Боларсың құтты қонақ ауылыма
Төгермін көңіл күйін мақтап жырын.
* * *
Жанаса кеткен ат озар
Жерінен шапқан тұлпардан.
Жақынынан ілген сәт озар
Жаһаннан ұшқан сұңқардан.
* * *
Шіркін қымбат жар құшағы — жанға жәй
Шықпасын күп деген шақтар, батсын ай.
Екі жүрек тынысы бір соққан кез
Кімдер өтер сені өмірден сағынбай?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хош келдің өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Хош келдің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хош келдің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хош келдің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері