Серго – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Серго» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1635
Өмірлік жан жолдасы данышпанның
Айбатты бір тұлғасы алтын таңның.
Серго, сен бірге туған бауырымсың
Сақталған жүрегінде бар адамның.
Грузин, қазақ халқы, орыс, татар
Ардақтап сенің мәңгі атыңды атар.
Үйткені алып дене, тапқыш ойлы
Жүзінде ел сырының түйіні бар.
Сен елдің бітті тыныс... елді денең...
Гүл қоям қабырыңа жылда келем.
Ел ұлы өлмейтін жан халық сүйген
Сүйемін Серго атыңды, сүйе берем.
Жыл туып, жыл артынан өткен сайын,
Шат тұрмыс сәулеттеніп жеткен сайын.
Қасымда тірі жүрген секілдісің
Жарқырап ақыл, көркі ақ маңдайың.
Сен тірі, талай ғасыр сенің жасың
Халықпен бірге өмірде сақталасың,
Кім бұзар ісің менен өзін, соққан
Алтынды ескерткіштің мұнарасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Серго өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Серго өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Серго өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Серго өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері