Айгүлдің күй тартқаны – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Айгүлдің күй тартқаны» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өлі оянып күш бітердей тіріге,
Әу дегеннен қос ішек кетті біріге.
Күйші қыздың қос жанары жарқ етті,
Баурап алды тасқын күйлер үніне.
Еділ тынбас Құрманғазы қарыспай,
Тоқтау қайда Дина анасы жарыспай.
Ойға салып толғандырса Тәттімбет
«Аққулатты» Нұрғиса да қалыспай.
Құлпырды Айгүл қара шашы төгіліп,
Үн боп кетті қара қамыс сөгіліп.
Күй сұрапыл нән толқыны тасқындап,
Кетті сахна сандал сазға көміліп.
Ажарланды «Айжан қыздай» албырап,
Күй бұлқынды әр бунағы ән сұрап.
Екі ішекті еңіретті бір кезде
Хас батырдай «Кісен ашқан» қансырап.
Құлап түріп тыңдағандай бар ғалам,
Тасқын сарын бұлттай көшті жаумаған.
Күй де тынды, күйші де әрең сау қалды,
Жалын кешкен аққу құстан аумаған.

2002


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айгүлдің күй тартқаны өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Айгүлдің күй тартқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айгүлдің күй тартқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айгүлдің күй тартқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері