Тілім өгей – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Тілім өгей» атты Анар Шамшадинова жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1225
Тілім өгей,
Салтым қалмай сақтаған,
Шарасыздық шырмауында ашындым.
Шүлдірлеген білгірлері қаптаған,
Нұр нұрлаған мына билік басынды.
Жұртым жылап,
Ұлтым жырақ ғұрпынан,
Тәуелсіздік алдық па өзі бекерге?
Ақындықпен ақырғым кеп бұлқынам,
Келімсекке келіншек боп кетердей.
Жердің сорып бар байлығын әркімдер,
Тайраңдап жүр төсегіндей ойнастың.
Қорғансыз ел.
Сені ойлайтын бар кімдер?
Қырда қаңғып,
Неге босқа ойды астың?
Келешегім келмейтіндей жандығам,
Сағуд жақтың сарнай жеткен сұңқылы.
Қазағымды қалай аман қалдырам?
Қашан тояр адамдардың құлқыны?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілім өгей өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Тілім өгей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілім өгей өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тілім өгей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері