Каспийге мұң – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Каспийге мұң» атты Анар Шамшадинова жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1615
Кәрі Каспий өзіне қаратады,
Ішке бүгіп сіз жөнді айтар жайды.
Толқындарды үздіксіз жаратады,
Бірақ маған ол сізді қайтармайды.
Жаным, менің жазықсыз ауырады,
Жапа-жалғыз аралда қалғандай боп,
Дүниенің дүрмегі табылады
Бала толқын, қарт теңіз, армандай көк.
Үнсіз ғана мен жүрем, әлем шулап,
Ән салады орынсыз шағалалар.
Кеудемдегі тіршілік әрең тулап,
Кінәм да жоқ біреуге таға қалар.
Шағаланың тербетіп тылсым әні,
Көкке қарап дәметіп шапағаттан.
Ай сәулесі әл бермес, құрсын бәрі.
Өлсем осы өлейін махаббаттан.
Меңіреудей селт етпей, шындаса ой,
Бірде жылап, бір сөйлеп тас бейнемен.
Менің жазған жырымды тыңдаса ғой,
Жетісудың жігіті Каспийменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Каспийге мұң өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Каспийге мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Каспийге мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Каспийге мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері