Табынып таланттыға бас иетін
Бұл бетте «Табынып таланттыға бас иетін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Табынып таланттыға бас иетін –
Әуелден бойға біткен қасиетім.
Іштарлық, арам пиғыл болған емес,
Жолына өзгелердің тас үйетін.
Ешкімге дегенім жоқ:
«Жәбір еттің»,
Қиналған кездерімде сабыр еттім.
Жақсылық жасасам деп жан біткенге,
Жолымен жүріп келем әділеттің.
Арамдық арға қауіп төндіре алмас,
Ақ көңіл – кір шалмайтын өндір алмас.
Ақжарқын мінезім бар арайланған,
Ақымақ ақтың отын сөндіре алмас.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі