Көңіл күйі – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Көңіл күйі» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3122
Түркістанның көшелері ылғи бақ,
Кеудесінен бұлақ аққан құлдилап.
Жүре берсем, жүре берсем, дариға,
Қыз құшақтап, гүл иіскеп, сыр жинап.
Махаббаттың келеріне кім сенген,
Жаным ада болмай тұрып нұр селден,
Өткізбес пе ем осында кеп жастықты
Қашан ғашық боларымды білсем мен.
Оқасы жоқ оралмаса ол қалсын,
Туған елім өзің аман болғайсың.
Жастығымды қаншама рет сұрасам,
Соншама рет оралтатын сен барсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл күйі өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Көңіл күйі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл күйі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл күйі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері