Алғаш тау көргенде – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Алғаш тау көргенде» атты Шөмішбай Сариев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 792
О, Алатау! Өзіңді жаңа көрдім,
Туған жерден алдымен дала көрдім.
Кеудеме толқын атқан нар өркешті,
Құмды өлке суретін сала келдім.
Тауларға керуен тартқан толы із көрдім,
Мен бұрын аққұм көрдім, теңіз көрдім.
Ерке өскен баласымын сол теңіз бен
Мақпалым, Қамыстыбас егіз көлдің!
Алдымнан жарысатын ак шағыл құм,
Тарқамас базарындай бал шағымның.
Жүгіріп жүргенімде жалаң аяқ,
Өткенін аңдамаппын қанша күннің?
Дүние шексіздігін жіті аңдадық,
Тарқауын базарымның күте алмадық.
Құм исі,
Күннің исі,
Жусан исі —
Мен келдім маңдайыммен жұпарды алып.
Сүт дәмі кетпегендей таңдайымнан,
Қайысқан бас айналып тал-қайыңнан,
О, Алатау, алдыңа келіп тұрмын,
Сен де мені сипашы маңдайымнан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғаш тау көргенде өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Алғаш тау көргенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғаш тау көргенде өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алғаш тау көргенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері