Бәйге – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Бәйге» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1328
Көсіліп бір қолтық созар қайда күн?..
Жарыс — өмір! Жарысады қайда?
Кім?.. Ұлан асыр ұлы топқа қосылып,
Бағын сынап ұшты құстай бәйге атым!
Намыстан ба келем іштей қайғырып,
Жүргені жоқ есек пенен тай мініп.
Жетем десең жеткізбейтін жүйріктер,
Айналамыз арғымақ пен сәйгүлік.
Дүбірлетіп тұяғына күй бітіп,
Бәрі, бәрі келеді іштей сый күтіп.
Қарақшыға жақындарда жан салмай,
Атым менің өте шықты құйғытып.
Алдан атып арман таңым — арайым,
Тұлпарлардың шаңға көміп талайын.
Бағым жанып, топты жарып түсімде
Атым озды, бәйгемді бер, ағайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәйге өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Бәйге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәйге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәйге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері