Бұл бетте «Өзіңнен, өзімнен» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзіңнің көңліңдей көресің
Менің де көңлімді.
Өзіңнің пейіліңдей көресің
Менің де пейілімді.
Сен менен данасын,
Мен сенен қайырымды.
Сен менен қаталсың,
Мен сенен мейірімді.
Өзіңнен, өзімнен жаңадан
Бір бүтін жасалса,
Қанын да, жанын да жаңарған
Қоса алса, жасарса,
О, ғажап, сонда бір
Көрер ек керемет адамды
Арман ғой бұл да бір
Аңсатқан әсем мен адалды.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі