Ертегі – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Ертегі» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 738
Бәрі ертеңде, болашағым ертеңде,
Үмітіңе үкі тағып, көркемде.
Талықсыған тамырына су барсын,
Су құямыз жасыл шыбық өркенге.
Ертең бәрі, бәрі де ертең болады,
Жаз келеді, бақбақ басы толады.
Топыраққа енеді ертең тозаң боп
Жер бетінің таусылмайтын қонағы.
Ертеңде тұр байлығың да, бақыт та,
Қырық түрлі қыр салатын жақұтқа.
Тынысын сәл баяулатып тыңдар ма
Не десек те тұрлауы жоқ уақытқа?
Күн астында көлбең қағып көркем бел,
Ертеңге ылғи асығады өркенді ел.
Самырсынды орман қолын бұлғайды:
«Бүгін келме, ертең, ертең, ертең кел!»
Ертең барда ештеңеден түңілмен,
Ертең үшін ғұмыр кешем бүгін мен.
Ертегі өмір келеріне сенеді
Болашақтың жанарына үңілген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ертегі өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Ертегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ертегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ертегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері