Көп жасаған қарт – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көп жасаған қарт» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 550
Көп жасаған,
көптi көрген;
көп көрген,
бастан талай қияметтi өткерген.
Келе жатар көшеменен осы қарт –
көп жасаған,
көптi көрген,
көп көрген.
Уақыттың көшiп ай күн, аптасын,
келе жатыр санап басып, сақ басып, —
ақ сақалы Атыраудай толқыған,
ағараңдап Алатаудай ақ басы.
Көптi көрген,—
келе жатқан iлкiден,
қаншама оны тағдыр қағып-сiлкiген.
Қөрген қанша той-думанды, шаттықты
көзден қанша жасын төгiп, iркiген.
Тарылтып ап қаншама рет алабын,
өртенген ол жалынына жаланың.
... Бiр ғасырға,
бiр ғасырға созылған
шұбап жатқан жалғыз аяқ жолы оның.
Шамдарына жеткен талай жарықтың,
орманынан өткен талай қауiптiң.
Шұбап жатқан жалғыз аяқ жолы оның
бiрге өрiлген жолыменен халықтың!
Үңгiп ойдың тарам-тарам шахтасын,
отыр ендi ол мекен етiп от басын —
ақ сақалы Атыраудай шалқыған,
ағараңдап Алатаудай ақ басы.
Құрдасы жоқ,
Ал құрдассыз қиын-ақ,
Кейбiр кезде қарт қабағын түйiп ап;
«Балаларым, ақылдарың кем-ау» деп
ұрсып алар бiр топ шалды жиып ап.
Жүрсе де ол әрең басып селкiлдеп,
алдында оның бүкiл ауыл елпiлдер.
«Келе жатыр қайнаға» деп
көрсе оны
сызылады қалтылдаған кемпiрлер.
Әңгiме етiп жығылғанын,
жыққанын
отырады ол —
тiрлiктегi Лұқпаным.
Шөбересi ел басқарар жасқа кеп,
немересi пенсияға шықты оның...
Қалай ғана алға сүйреп тартпасын,
арқасына Уақыт жүк артқасын.
Келе жатыр ақ сақалды,
ақ басты
қалт-құлт етiп,
қалт-құлт етiп қарт-ғасыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көп жасаған қарт өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көп жасаған қарт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көп жасаған қарт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көп жасаған қарт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері