Ашу

Бұл бетте «Ашу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 667
Елiмнiң бойына
Алапат ашу кiрдi.
Шартылдап сiлкiнген
Жасын кiрдi.
Ормандар
Даланың түгiндей тiкiрейдi.
Жота-қырларым
Атылатын айдаhардай
Бүкiрейдi.
Толқындарым
Арқырап көтерiлiп
Сарқырап төгiлдi.
Даламның көбесi
Қақырап сөгiлдi.
Қаратауым орнынан –
Үстiнен тастар домалап! –
Тұрып кеткендей болды.
Дауылдар бәйтеректердi
Тамырымен қопарып
Жұлып кекендей болды.
Қара бұлттар
Өгiздей өкiрiп
Күркiреп жатты,
Найзағайлардың
Иiр-иiр мүйiздерi
Алатауды жарып жiберердей
Сүзгiлеп жатты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ашу өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ашу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ашу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ашу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері