Сот пен айыпкер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сот пен айыпкер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1119
– Әкеңнің аты?
– Саудабек.
– Өзіңнің атың?
– Алмабек.
– Жасың нешеде?
– Жиырма үшке толдым кеше мен.
– Білімің?
– Дипломдының бірімін.
– Қандай қызметтесің?
– Жұмыста жоқпын.
– Онда не істейсің?
– Түнде жортып үшке дейін,
Ұйықтап жатамын түске дейін.
– Одан кейінгі тірлігің?
– Айтайын бар шындығын:
Достармен топтасып жүреміз,
Кафе, барға кіреміз.
Айда, келіп ішеміз,
Нарттай қызып ісеміз.
Ән саламыз, билейміз,
Бір-бір қыздан сүйрейміз.
Босап жүйке-жүйеміз,
Шолпылдатып сүйеміз.
–Жұмыста жоқ баласың,
Ақшаны қайдан аласың?
– Еһе, сол да сөз боп па?
Менде көз жоқ па?
Әкем болса кәсіпкер,
Мен дегенде ашық қол.
Менен ақшысын аямайды,
«Шаң жуытпай» аялайды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сот пен айыпкер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сот пен айыпкер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сот пен айыпкер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сот пен айыпкер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар