Егіздер туралы түсінік – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Егіздер туралы түсінік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4659
Жап-жас ана!
Қандырып кәусарымен,
Кезек құшып,
Аймалап аңсарымен,
Егіздерін мінгізіп арбасына,
Бақшасына беттеді таңсәріден.
Балабақша біраз жер –
Ара қашық,
Бұрылыстан-бұрылыс –
Барады асып.
Жанарларға жанарлар қадалады,
Арайымен ақ таңның араласып.
Бала – ананың тынысы, тіршілігі,
Өміріне балаған гүл-шыбығы.
Бар табиғат тербетіп нәрестесін,
Мадақтаған жырымен жыршы мұны.
Бала – өмірдің жалғасы, келешегі,
Айдарынан жұпарлы жел еседі.
Ақыл-ойды,
Арманды алға тартып,
Бір баладан бір қауым ел өседі.
Тап осыны сезеді,
Сезбейді ана,
Жалғыздыққа жалғанда төзбейді ана.
Жан серігі, үміті, бауыр еті –
Баласының саулығын көздейді ана.
Не көрсе де бұл жолда көнеді ана,
Ұрпағынсыз қалайша өнеді ана?
Емірене емініп егізіне,
Қарлығыштай қалықтап төнеді ана.
Бір келіншек қасына жете беріп,
Бір сөз айтты анаға өте берік:
– Шын бақытты екенсің, құрбым менің,
Егізінен ерекше бөпе көріп.
Амандығын тілеген баласының,
Бақытты еді шынында анасы мың.
Күлімдетіп көзінің қарашығын,
Тапқан нағыз өзінің жарасымын.
Екінші әйел қасынан өте беріп,
Бір сөз айтты анаға өте жеріп:
– Болдым-ақ деп жүрсің-ау,
Қайран құрбым,
Бір басыңа бейнетті жеке көріп.
Ана, бірақ, ол сөзге мән бермеді,
Көтеріліп көңілі тауға өрледі.
Егіздердің елітіп лебіздері,
Күмбірлетіп кеудесін ән кернеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Егіздер туралы түсінік өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Егіздер туралы түсінік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Егіздер туралы түсінік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Егіздер туралы түсінік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері