Қысыр сиырлар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қысыр сиырлар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2301
Бастық кәрін төгіп тұр,
Сиыршыны сөгіп тұр:
– Қарамайсың Сиырға,
Қысыры көп биыл да.
Бұқаларың жайға жүр,
Ұят деген қайда бұл?
Сиыршы айтты:
– Наныңыз,
Қырсық сиыр малыңыз.
Тойса болды теңкиіп,
Шыға келер кеңкиіп.
Туар болса бұзауды,
Кескінін ол бұзады.
Көре қалса Бұқаны,
Сондықтан да зытады.
Кейбір сиыр шамалы
Содан қысыр қалады.
Бастық қатал бұйырды:
– Айдап бар да Сиырды,
Бұқаларға қосақта,
Өз еркіне босатпа!
Сиыршы оған:
– Құп! – деді,
Бірақ, түк те бітпеді.
Кетті қысыр көбейіп,
Енді бұған не дейік?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысыр сиырлар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қысыр сиырлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысыр сиырлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысыр сиырлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері