Әйел көңілі, айт, қашан шағылыпты

Бұл бетте «Әйел көңілі, айт, қашан шағылыпты» атты Қанипа Бұғыбаева жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 655
Әйел көңілі, айт, қашан шағылыпты,
Әлдилеумен бар арман, бар үмітті.
Келген жәйлап, білдірмей, уақытпенен,
Мойындамай жүреді ол кәрілікті.
Бұлбұл ұшып көзінен құмар шабыт,
Қарсы алдын тұрса да мұнар шалып.
Әйел өзін жаспын дер, көкірегінде
Көктем құсы тұрған соң бір ән салып.
Жарасар мәңгі жасыл бояу оған,
Бейбітшілік жырымен аялаған.
Табиғатпен түлеген бүрін жарып,
Ақ қайыңға ұқсайды әйел адам.
Салқындар ма,
өмірдей қызған көңіл,
(Дауыл сезім тыншымды бұзған менің.)
Ақ қайыңдай қалғыса әйел адам,
Көреді екен түсінде қыз дәуренін.
Қадап алыс, алысқа от жанарын,
Жүрегінің баршаға төкті алауын.
Қартаймастан мәңгілік әйел көңлі,
Тұратындай қайталап көктем әнін.
Қалды екен деп жастықтан сен ойлама,
Қарайды олар үмітпен шар айнаға.
Жапырақ жайып тұрғанда ақ қайыңдар,
Әйел жаны қартаяр қалай ғана!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйел көңілі, айт, қашан шағылыпты өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Әйел көңілі, айт, қашан шағылыпты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйел көңілі, айт, қашан шағылыпты өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әйел көңілі, айт, қашан шағылыпты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері