Өрттей алма ұсынып ем, алмадың

Бұл бетте «Өрттей алма ұсынып ем, алмадың» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4163
Өрттей алма ұсынып ем, алмадың,
тұрып қалдым жаншылғандай арманым:
- Алма – сезім, ал Сіз мені сүймейсіз…
Естімедім ар жағын.
Қызыл алма жүректегі қан сынды
өз қолыммен қара жерге жаншылды –
күтпеп едің бұлай аяқталуын,
сені алмадан ұшқан шырын тамшы ұрды.
Келем зулап сұр жебенің ұшындай,
жымиды да, сүт-сәулесін ұсынды Ай…
Қуып жетіп, кес-кестедің алдымнан
шыға келген көрші әйелден қысылмай,
сен құсбегі, мен үкілі құсыңдай,
қойдың сосын ұшырмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өрттей алма ұсынып ем, алмадың өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Өрттей алма ұсынып ем, алмадың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өрттей алма ұсынып ем, алмадың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өрттей алма ұсынып ем, алмадың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері