Қиындап бара жатыр – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қиындап бара жатыр» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1808
Өлең жазу қиындап бара жатыр,
Дала жатыр, жырла деп қала жатыр.
Сезімімнің ішегі шертілмеген,
Сезінгенім түкке аспай қалады ақыр.
(Жарылқасын АМАНОВ. «Құрыш қолдар», 41-бет)

Дала жатыр, жырла деп қала жатыр,
Ана жатыр, шырылдап бала жатыр.
Ақыл аз да, бұл күнде ақындар көп,
Өлең жазу қиындап бара жатыр.
Қай күніңе жетеді қаламақың?
Алатының мардымсыз қара бақыр.
Болғанымен ұйқасы, шипасы жоқ,
Өлең жазу қиындап бара жатыр.
Абайларға, бауырым, балама құр,
Сенбейсің бе, сын көзбен қара да тұр.
Шертетінім – сезімсіз сылдыр сөздер,
Өлең жазу қиындап бара жатыр.
Ақын да мен, сал да мен дара батыр,
Өнерімді сан сала сана, батыр:
Ою оям, ән-күй де шығарамын,
Өлең, түбі, түкке аспай қалады ақыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиындап бара жатыр өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қиындап бара жатыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиындап бара жатыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиындап бара жатыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері