Әкем және мен

Бұл бетте «Әкем және мен» атты Ескен Елубаев жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1836
Бiздiң үйдiң iшiнде
Хат танитын өзiммiн.
Хисса оқимын кешiнде,
Майын тауысып көзiмнiң.
Содан ба екен, мен едiм,
Əке менен шешенiң
Алып-қосып беретiн
Алым-саттық есебiн.
Дəн риза болады,
Қария əкем iсiме.
«Не жетсiн, – деп қояды, –
Хат бiлетiн кiсiге».
Өткен кездер жайынан
Сыр шертер сол арада:
– Онда жұрт қай жарыған,
Аңқау кезi баладай.
Күн емес-тi күндерi,
Еңсе басқан надандық.
Мал өсiру – бiлерi,
Жан аз тəлiм аларлық.
Итшiлеген тiршiлiк,
Тағылыққа жақын да, –
Деп қоятын күрсiнiп,
Өткен өмiр хақында.
Бiр атамыз болыпты,
Жауыр аты тақымда.
Бiр қап тары алыпты,
Бермек туыс-жақынға.
Тең болсын деп артуға,
Екi қапты алыпты.
Бiр жағына тары да,
Бiрiне құм салыпты.
Соған жетiп ақылы,
Өңгермек боп тұрғанда.
Бiр бала оны – жақыны,
Көрдi жүрген сол маңда.
«Дұрыс па, ата, оныңыз,
Құмыңызды төгiңiз,
Бөлiп тары салыңыз, –
Дептi, – Сөйтiп, барыңыз».
Бала сөзi жөн едi,
Жетпептi ақыл осыған.
Атаң байғұс жөнедi,
Сол баладан қысылған.
Қуанамын мен де ендi,
Қазiр ашық көздерiң.
Ес қыламыз сендердi,
Миятымыз – өздерiң.
Билiк тидi адамға,
Баққа жеттi қолдарың, –
Дейтiн:
– Осы заманға
Лайықты бол, жаным...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкем және мен өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Әкем және мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкем және мен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әкем және мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері