Айлакер Тұрар – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Айлакер Тұрар» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1224
Бiрде келiп,
Нақақтан
Тұрар маған тиiстi,
Тiлiн безеп
Қақақтап,
Бастады ол бiр iстi.
Шаңқ-шаңқ етiп
шаңқылдап,
Шағып алар тiлi бар.
Келе жатыр
алқымдап,
Төбелесер түрi бар.
«Мен туралы кеше сен,
Айтшы,
Жұртқа не дедiң?
Сол сөзiңнiң есесiн
Қазiр, мiне, беремiн.
Өсегiңдi қоймасаң,
Қайтарамын қарымын.
Жолдас болма
Болмасаң,
Бар алдымда айыбың...»
Кəдiмгiдей шынымен
Дедiм өзiм сасайын.
Қалай ғана
Мұның мен
Ыза,
Ашуын басайын.
Бiреулердi даттайтын
Еш əдетiм жоқ едi,
Сырттан өсек айтпайтын
Адам едiм,
Ақ едiм.
Жандай-ақ мен айыпты.
Ауызымды ашпадым.
Лəм-мим демей қалыппын,
Соншалықты сасқаным.
Тұрып қалдық осылай,
Қабағымыз түнердi.
Əй,
Бүлдiргiш досым-ай,
Тұрар күлiп жiбердi.
«Шығардым ба есiңдi,
Жеттi осымен, болсын», – деп.
«Алдап едiм өзiңдi,
Ықылығы қойсын», – деп.
Ықылықты қойдырар
Бұл бiр əдiс пайдалы.
Бiлетiн ем,
Ал Тұрар
Кеттi асырып айланы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айлакер Тұрар өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Айлакер Тұрар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айлакер Тұрар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айлакер Тұрар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері