Дертті уақыт

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 510
Бүгінгі тірлік
Жанымды
Жаралап тілгендей:
Қатерлі бір дерт
Албасты түріне еніп
Елімнің ішін
Аралап жүргендей.
Соның демінен шыққан
Мүңкіген бір иіс
Айналаны
Алып барады.
... Әбден қажыған
Қайран тіршілік
Ауық-ауық
Талып қалады...
Оның бүгінде
Айығып кете қойуы
Арманды сағым боп тұр.
Әйтеуір дәл қазір
Уақыт ауасы—
Кім- кімге де! –
Аурухана ауасындай
Ауыр боп тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дертті уақыт өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Дертті уақыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Дертті уақыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дертті уақыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері