Жығылма – Nurbek9523

Бұл бетте «Жығылма» атты Nurbek9523 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жығылма
_
Мынау  ақшаң,
Мынау бақыт,
...міне кел,
"Демейді ешкім "–
... ұмтылмасаң түбі егер.
Басты   көтер!..
...Алла   өзі   қолдайды,
Ешкімненде...
    көмек  күтпей  түрегел!..
_
Өз  -  өзіңе  өзің   жаусың  шынында ,
Бүгін болған қыйыншылық бұрында.
Қыбырлаған жаның болса кеудеңде,
Болмашыға жыламсырап жығылма.
_
Басыңдағы   қара   бұлтта   көшеді,
Қайта айналып келмейді енді кешегі.
Өмір  алда , алға  қара  көзіңді  аш…
Еңбек  етсең  бағың  өзі - ақ  өседі.
_
Сүйенішің   болмасада  түк  мейлі,
Уақыт   тіпті   аямайды    күтпейді.
Қалтаңдағы соңғы теңгең бітседе,
Өмірдегі   мүмкіндіктер    бітпейді.
_
Барында  көр бұл өмірдің жоғында,
Бәрін  еңсер  не  жолықса жолыңда.
Болмайтынды болдырасың тырыссаң,
Өз  өмірің  тек  өзіңнің  қолыңда...
_
Авторы :  Нұрбек Бекұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жығылма өлеңінің авторы кім?

Nurbek9523 — осы өлеңнің авторы.

Жығылма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жығылма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Nurbek9523 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жығылма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар