Азатпын – Жанат Жаубасов

Бұл бетте «Азатпын» атты Жанат Жаубасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.09.2020
  • 0
  • 0
  • 9173
(Тәуелсіздіктің 25 жылдығына)

Ата-баба аруағын сыйлар құлымын,
Айбыным зор, Мағжанға тартқан ұлымын.
Ата-анаммен бөлісіп өстім таң нұрын,
Арнадым саған, туған ел, бүгін жан сырын.

Кеше ғана көз жасын жасырып төккенде,
Жүргендей болдым үнемі қырсық өткелде.
Тәуелсіздік келген соң, дертті тазарттым.
Мен нарықтың сардары, Еріктімін азатпын.

Елге төнген түнектің ашсақ түндігін,
Планетада, білмейді бізді кім бүгін.
Сәулет пен дәулет жолын бастаған,
Санатқа тұрды ел мерейі – Астанам.

Толғанып айтар жетістігім менің сай,
Жиырма бес жылда, қарқынды дарқан елім бай.
Отаныма орнасын мәңгі азат күн,
Тәуелсіз елмін,
Мен тәуелсіз қазақпын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азатпын өлеңінің авторы кім?

Жанат Жаубасов — осы өлеңнің авторы.

Азатпын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азатпын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жанат Жаубасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азатпын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері